Мектеп-интернаттағы әлімжеттік

Әлеуметтік желіде «спортшы боламын» деген 8-ші сынып оқушылары бір сынып төмен балаларды ұрып-соғып, ақша талап еткен видеосы тарады. Онда басбұзар әрекеттен бөлек өздеріне тән дөрекі сөздер де бар. Сұмдық жайт, басқа-басқа емес, Степногордағы олимпиадалық резерві мектебінде орын алыпты. Осылайша «болашақта Қазақстанның атынан Олимпиадаға барады» деп үміттенген мектеп-интернат оқушылары әлімжеттік жасап, ақша бопсалап келгені бүкіл елге аймандай әшкере болды. Бұл жайтқа қатысты облыс әкімі шұғыл жиын өткізді. Тілшіміз де осы жиынға қатысып, масқара жағдайға байланысты басшылық қандай шаралар қолданғанын біліп-қайтты.

X