Алматы облысында апатты мектептер мәселесі әлі де өзекті. Мәселен, бір ғана Панфилов ауданының өзінде 3 білім ордасы құлайын деп тұр. Атап айтқанда Шежін, Басқұншы және Аққұдық ауылдарындағы оқу ғимараттары әбден ескіріп, тозығы жеткен. Қабырғалары жарылып, еден ағаштары шіріп кеткен. Бір жаны қисайып тұрғандықтан, қарсы бетіне тіреу қойып, уақытша ұстата салыпты. Ол жерде оқымақ түгілі ішіне кірудің өзі қорқынышты.
Мектептердің қабырғалары жарылып, едендері шіріп жатыр
Дата: 07.07.2020