3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Мектептің бар автобустарын жоқ қылып отырған кімдер?

Алматы облысының Қарасай ауданында мектеп оқушыларына деп алынған автобустар бір жарым жылдан бері қаңтарылып бос тұр. Ал шалғай өңірдің балалары қазір білім ордаларына бірінің үстіне бірі ығы-жығы болып мініп, ескі автобустармен әрең қатынап жүр. Себебі жолға шығатын автобус саны аз. Жоқ десе, бір сәрі. Су жаңа көліктер мектеп баланстарында бар болып шықты, бірақ қолданысқа берілмеген, тіпті жекенің үйінде қаңтарулы тұрғанға ұқсайды. Халықтың игілігіне арналып берілген автобустар не себептен тоқтап тұрғанын тілшіміздің келесі материалынан біле аласыздар.

X