Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша жалға алған үйдегілердің жағдайы мүшкіл. 8 жылдан бері тұрып жатқан баспаналарының тоз-тозы шыққан. Ал әкімдіктің балансындағы көпқабатты үйді күтіп-ұстауға жауапты компаниялардың жұрттан жиып алған ақшаны қайда жұмсағаны белгісіз. Тұрғындар бізге қаражаттың тіпті есебін де берген жоқ деп наразы. Жұрттың жанайқайын кім тыңдайды? Өз қарауындағы үйді бақылауға шенділер неге қауқарсыз?
Мемлекеттік бағдарлама арқылы алынған үйдің тоз-тозы шыққан
Дата: 19.05.2020