Мерекелер қарсаңында азық-түлік бағасы қымбаттады. Мұны Үкіметтегілер де растап отыр. Мысалы, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов тұтынуға аса керекті азық-түлік бағасы 9,6 пайызға өсті дейді. Ас-ауқатпен қатар, нарықта киім, түрлі қызметтердің де құны артқан. Қаншаға? Халық бұл туралы не деді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Үкіметтің осы отырысы биылғы республикалық бюджеттің орындалуы мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды. Жиында сөз алған Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы 9,6 пайызға өсті деді. Әсіресе, асханада тұтынуға аса керекті тауарлар елде төтенше жағдай кезінде қымбаттапты. Нұр-Сұлтан, Павлодар, Атырау облысында бағаның ең жоғары өсімі анықталған.
БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:
«Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19 түрі кіретін тізімінің сегізі бойынша бағаның 10%-тен 30%-ке дейін едәуір өсуі байқалады. Қант пен қарақұмық жармасы сияқты импортқа тәуелді тауарлардың бағасы қарқынды өсті. Оған жыл ішінде валюта бағамының және әлемдік бағаның өсуі себеп болды».
Министр Бақыт Сұлтанов қант пен қарақұмықтан басқа, күнбағыс майы, картоп, жұмыртқаның құны артты деді. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 9 түріне шекті бағаны қойып, кейбірін экспорттауға шығаруға тыйым салыпты. Алайда қазан мен қарашада баға өсімі қатты сезілген. Базардағы тауар құнының өсуіне әкімдердің де қатысы бар дейді. Былтыр осындай олқылық үшін 7 облыс әкімі сөгіс алған екен.
БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:
«Шекті бағаларды белгілеу және олардың негізінде шекті бағаларды қолдану әдістемесі заңнамада бекітілген. Өңірлерде бөлшек сауда бағаларының шектен асуы бойынша 66 факт тіркелді. шекті бағаларды белгілеуге болатынына қарамастан, өңірлер атанған құралдарды пайдаланған жоқ».
Министрдің мәлімдемесін тыңдадық. Бірақ, нақты қандай тауарға, қанша баға қосылғанын білу үшін қарапайым сатып алушымен тілдескен жөн. Сондықтан да қаладағы ең ірі базарларлың біріне келдік».
«Әрине, қымбат. Нақты продукты жағы. Жеміс-жидектер, сосын сухо-фрукт қымбат».
«Фрукты алайын десек, 800 деп тұр ғой. Енді кірдім. Бірақ огурцылары 1300 дейді».
«Овощи- фрукты не вижу, а вот продукты да. Ну, майонез. Чувствуется».
Ал, сатушылардың ойы екі түрлі.
«Қымбаттаған жоқ. Баяғы баға ғой. Ондай қосылмайды».
«Былтырғы Жаңа жылмен салыстырғанда, қымбат қой. Әкелетіндер қымбат сатып жатыр ғой. Арендасын шығару керек, әкелгендер қымбат сатуда».
Экономист, сарапшы Исатай Қамбаров азық-түлік баға қымбаттауы зейнеткерлерге қиын дейді.
ИСАТАЙ ҚАМБАРОВ, ЭКОНОМИСТ:
«Әлеуметтік маңызы бар тауарларға ең алдымен зейнеткер жасқа адамдарға өз деңгейінде, көп сұрамайды олар, соларға қажетінше соларға бөліп отыруға билік өз тарапынан көңіл бөліп отыру керек. Әр әкімдікте осындай қадағалайтын ұйсдар бар».
Экономист өңірлер шектен шыққан бағамен күресте әкімдер сылбыр болса, халық өзі реттеуІ керек дейді.
ИСАТАЙ ҚАМБАРОВ, ЭКОНОМИСТ:
«Енді шындап келгенде, келіп тұрған, шекті бағасынан жоғары көтеріп жіберетін фактідлер бар. Міне, осы жерде қадағалай алмай отырмыз. Сондықтан жергілікті жерде халықтың өзі де ынталун керек. Осындайды болдырмауға».
Айта кетейік, азық-түліктен басқа елде киім бағасы өскен. Жыл басынан бері 5,7 процентке. Сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық қызметтері қымбаттаған. Премьер-министр Асқар Мамин әкімдерге осы мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.