2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Министр: Нұрисламның видеосы жүрегімді елжіретті!

Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерден тележүргізуші жасап жатыр. Ұстаздар да эфирде сабақ түсіндіреді. Жауапты ведомство ұсынған қашықтан оқытуды реттейтін төрт бағыттың бірі осы. Қалғаны — ғаламтор, радио, және қазпошта. Хош. Қаланың балалары үшін аса қиындық тудыра қоймас. Бірақ, интернет жетпеген шалғай ауылдардың оқушылары онлайн оқуға дайын ба? Шалғай дейміз-ау, бас қаладан таяқ тастам жердегі Қосшының өзінде, желі түгілі, кәдімгі теледидары дұрыс көрсетпейтін оқушылар бар екен. Бас ұстаз Аймағамбетов бұл мәселені қалай шешпек?

X