Өмірзақ Шөкеевтің жалақысы қанша?
19 ноября 2021
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев елордаға келіп, есеп берді. Өзінің жалақысының көлемі қанша екенін айтты. Туризмге де көп тоқталды. Осылайша есебінің мазмұнын аша түскісі келген әкімнің айтқандары оны тағатсыздана күткен журналистер қауымын қанағаттандырмады. Өңірдегі балалар зорлығы, өзге де елді дүрліктірген мәселелерді тілшілер алға тартып, әкімді өзінше айналсоқтады. Қалғанымен тілшіміздің келесі материалынан анық-қанық таныса аласыздар.