Нұрлан Нығматулин қайтадан мәжіліс төрағасы болуы мүмкін
14 января 2021
Ал Нұрлан Нығматулин тағы да Төменгі палатаның спикері болуы мүмкін. «Nur Otan» партиясының парламенттік фракциясының отырысында, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев оның кандидатурасын VII шақырылған Парламент Мәжілісінің төрағасы қызметіне ұсынды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады. Бұдан бөлек, Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы партияның Мәжілістегі фракциясының басшысы қызметіне де ұсынылған. Фракция депутаттары мұны бірауыздан мақұлдаған. Заңға сәйкес, Төменгі палата төрағасын ертең жаңа Мәжілістің алғашқы отырысында депутаттар жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Айта кетейін, Нұрлан Зайроллаұлына бұл қызмет таңсық емес. Ол бұған дейін V және VI шақырылымдағы Парламенті Мәжілісінің төрағасы қызметін атқарған болатын.







