НАУРЫЗ АЙЫ ТУҒАНДА… ТАҒЫ ДА ТОЙСЫЗ ӨТТІ
22 марта 2021
«Наурыз айы туғанда, той болушы еді бұл маңда». Әттең, тек қатарынан екінші жыл ұлы мейрамды ұлықтауға карантин кедергі болып тұр. Жалпыұлттық мереке отбасылық мейрамға айналды. Әсіресе, Алматының көшелері қаңырап, халықтық тойлатулар тоқтап қалды. Дегенмен, эпид ахуалы тұрақталған өзге өңірлерде әз-Наурыздың атмосферасы әлсін болсын сезіліп жатыр. Әріптесім, ел-жұрттың Жыл басын қалай қарсы алғанын біліп, бір сюжетке топтастырды.