14:30 Тікелей эфир «QOSLIKE» бағдарламасы
18:30 Эфирде әрі қарай «БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР»

«НЕ ГОВОРИТЕ МНЕ О НЕМ»
СЕНБІ 09:00

Люба есімді ақкөңіл, сүйкімді жас әйел өзі тұратын шағын қыстақта ел қатарлы айлықтан айлыққа дейін әрең жетіп, өмір сүруде. Бұрынғы күйеуі бақытын басқадан тауып кетті, ал Люба жалғыз қалды.

Бір күні дүкенде ұзақ кезекте тұрып, Люба сөмкесінен әмиянының жоғалғанын біледі. Көмекке сымбатты бейтаныс жігіт келеді. Люба ол үшін біреудің төлегеніне үйренбеген, ақшаны телефонына не картасына қалай қайтаратынын сұрап алуға тырысады. Ал жігіт болса, «алаңдамаңыз» деп, қымбат мерседеске мініп кетеді.

Келесі күні ол жігіттің кондитерлік фабриканың жаңа директоры Вадим Юрьевич Смирнов екені белгілі болды. Ол барлық қызметкерлерді демалысқа жіберіп, өзі кәсіпорын иесі еуропалық тәжірибені зерттеуге Италияға кетеді.

Күнкөрістің қамымен Люба адамдарға үй шаруасына көмектесуге шығады. Смирновтың сүйіктісі Карина  Любаны үй тазалап, тамақ әзірлеуге жалдайды. Ерке қыз Вадимге тұрмысқа шыққысы келеді, және барынша үй шаруасына епті болып көрінуге тырысады. Мқның барлығы Вадимге белгілі болғанда, ол Любаны мұның барлығын әдейі ұйымдстырып жүр деп ойлайды.

X