НЕСИЕ ТӨЛЕП ОТЫРҒАН ҮЙІМІЗГЕ СУ МЕН ЖАРЫҚ ЖҮРГІЗІЛМЕГЕН
12 марта 2021
Шымкенттегі Тұран шағын ауданында 50 отбасы баспанасына кіре алмай сенделіп жүр. Айтуларынша, инженерлік инфрақұрылым мүлде жоқ. Жағдайы жасалмаған пәтерлерге мердігер «кірсең кір, кірмесең күт» деген уәж айтып, 3 айдан бері сандалтып қойды деп ашулы тұрғындар. Су мен жарық, көгілдір отыны жоқ баспаналарға жұртшылық «Шаңырақ» бағдарламасының аясында несиесін төлеумен әлек.