Николай патшаның заманынан қалған аурухана
24 ноября 2021
Қызылорда облысындағы Сексеуіл кентінің халқы бір ғасырлық ескі ғимаратта ем алады. Ескі аурухана Николай патшаның көзін көрген деседі. Медициналық мекеменің іші суық, ал, науқастар дәретханаға бола, далаға шығуға мәжбүр. Аурухананың жағдайы сын көтермейтінін дәрігерлердің өзі де мойындайды. Үш-төрт жыл бұрын «жаңа үлгідегі аурухана салынады» деп ел қуанған еді мұнда. Бірақ, 40 орындық, сметалық құны 700 млн теңгеден астам нысан құрылысы сиырқұйымшақтанып, ақыры тоқтап тыныпты. Қалғанын тілшіміз келесі сюжетте кеңінен тарқатады.