14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Әншілер фонограммамен ән айтса, көрермен ескертілуі тиіс

Сахнаға мас күйде шығып, өзін-өзі ұстай алмайтын әртістер бұдан былай айыппұл арқалауы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте өткен жиында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, соңғы кездері әншілердің сахнаға ішімдік ішіп шығуы, көрерменге тіл тигізуі, анайы сөздер араласқан әндер шырқауы сынды оқиғалар көбейіп кеткен. Сондай-ақ, эстрада әртістері фонограмма қолданса, бұл жайында ұйымдастырушылар көрерменді ескертуге міндеттелді. Мұндай концерттерге билет құны да анағұрлым арзан болуы тиіс, — деп түйді министр. Палата спикері де бұл мәселені сынға алды.

X