18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Әншілердің лоторея ойнатуы заңсыз

Бар болғаны мың теңгеге билет алып, көлік мініңіз! Отандық шоу-бизнес өкілдері соңғы кездері әлеуметтік желілерде лоторея ойнатып, ұтысқа қымбат дүниелерді тігуді жиілетті. Аз ақшаға, қымбат автомобиль мен зәулім үй ұтып аламыз деп аптыққан жұрт әрбір жұлдыздың жазбасын аңдып, эфирін көріп әлекке түсуде. Ал танымал жандардың бұлай табыс тауып, лоторея өткізуге заң жүзінде құқығы жоқ екен. Мамандардың сөзінше оларға тіпті қылмыстық іс қозғауға болады. Сонымен, ұтыс деп салықты ұмытқан отандық селебрити өкілдері кім? Олардың өздері заң бұзғандарын біле ме?

X