Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезі
28 января 2022
Нұр-Отанға мүше депутаттардың халық алдында беделі жоқ. Бүгін партияның кезекті сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Президенттің сөзінше қаңтар оқиғасы халық сайлаған қалаулылардың сайлаушылар алдындағы деңгейін көрсетті. Екі күннен бері ел болып елеңдеп отырған Нұр Отанның жиыны туралы Айғаным Достанбайдың сюжеті Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі. Онлайн формат. Делегаттар. Тікелей эфирді көгілдір экраннан күткен жұртшылық жамырай твиттерге шұбырды. Мемлекет басшысының баспасөз қызметі әлеуметтік желі арқылы жиында не болып не қойып жатқанын, қысқа әрі нұсқа хабарлап отырды. Съез басталысымен, Партияның бұрынғы төрағасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев сөз алып, партияластарына алғысын білдірді. Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төраға лауазымына ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты.