НЫҒМАТУЛИН КВАЗИСЕКТОРДАҒЫ САТЫП АЛУДЫ РЕТТЕУДІ ҰСЫНДЫ
2 марта 2021
Квазисектордағы сатып алуды реттеу қажет! Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Самұрық-Қазына» қоры басшыларының, Үкімет мүшелерінің, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысқан отырысты осыны ескертті. Төменгі палата спикері мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жаңа мүмкіндіктерге жол ашуы тиіс деп есептейді. Әсіресе, отандық тауарөндіріушілерге оң ықпалы болу керек. Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуының ашықтығы мен бақылануы керектігі айтылды. Сатып алудың жаңа тәсілі электрондық тетікті енгізу, конкурстан тыс сатып алуларға қойылатын талаптарды арттыру ұсынылды.