Қоғамдық көлік ақысы тағы да қымбаттады
4 мая 2021
Таразда қоғамдық көлікте жүру ақысы бірден 20 теңгеге қымбаттады. Осы күнге дейін тұрғындар бұл қызмет үшін 65 теңге төлеп келсе, бүгіннен бастап баға 85 теңгеге бір-ақ барған. Тарифтің аяқ астынан бұлайша аспандауы жұрттың ашуына тиіп отыр. Ал қалалық әкімдік болса жол жүру бағасының 2017 жылдан бері өзгеріссіз келе жатқандығын алға тартып отыр.