«Еуразия» бірінші арнасына – 28 жыл!
«Еуразия» бірінші арнасы 1997 жылдың қазан айында құрылған. Сол сәттен бастап Қазақстанның медиа кеңістігінде көшбасшыға айналды. Телеарна көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, әрдайым республикалық рейтингте үздік орындарды тұрақты иеленіп келеді.
Қазақстанда алғаш рет трансформерлер студиясы мен интерактивті графиканы қолдану арқылы тікелей эфирде ақпараттық шоу форматын енгізген арна.
Арнаның басты артықшылықтары:
-
- Өз өндірісіндегі сапалы бағдарламалар
- Жедел және шынайы ақпараттар
- Халықаралық деңгейдегі ойын-сауық жобалар
- Бірегей деректі фильмдер
- Әлеуметтік маңыны зор реалити-шоу бағдарламалар
- Арнайы жобалар мен әлеуметтік роликтер
- Үздік телехикаялар мен премьералар
Ақпараттық –сараптамалық бағыт
«Басты жаңалықтар» және «Главные новости» бағдарламалары күн сайын тікелей эфир арқылы ел мен әлемдегі маңызды оқиғалардан хабар береді.
Апталық қорытынды және сараптамалық бағдарламалар
-
- «Заң мен ел»
- «Асау жаңалықтар»
- Парламент online
- «Аналитика»
Бұл жобалар қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық, түсінікті тілмен қозғай отырып, көрерменге еліміздің саяси-экономикалық өмірін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Тікелей эфирдегі таңғы бағдарламалар
- «Қайырлы таң, Қазақстан!» (қазақ тілінде)
- «Доброе утро, Казахстан!» (орыс тілінде)
Екі тілде жүргізілетін бұл бағдарламалар – күннің жақсы басталуына себепші. Қызықты тақырыптар, пайдалы кеңестер, жылы жүздесулер көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
Телевизиялық шоу
«Qos Like» — махаббат пен шынайы сезімдердің алаңы. Күнделікті 4 сағаттық тікелей эфирге шығады. Бағдарлама барысында 20 жұптың тағдыры тоғысып, шаңырақ көтерген.
Әлеуметтік жобалар
«KÖREMIZ SHOW» — елге танымал тұлғалар мен қарапайым халықтың өмір жолы, жеңісі мен күресі туралы жүрек тербетер әңгімелері жайында. Бағдарлама көрерменге үміт сыйлайды.
«QAIMAҚ» — ауылдың шынайы өмірі мен ұлттық болмыстың айнасы. Қарапайым еңбек адамы арқылы ауыл еңбеккерлерінің тыныс-тіршілігі баяндалады. Ел ішіндегі асыл адамдарды таныстырады.
Кино әлемі
Арна эфирінен күн сайын қазақстандық және шетелдік фильмдер мен телехикаялар көрсетіледі. Апта соңында — әлемдік деңгейдегі кинопремьералар көрерменге ұсынылады.
«Еуразия» бірінші арнасы —отандық телеарналар ішіндегі сапа стандартына мән беретін жарнама нарығының көшбасшысы. 28 жыл бойы көрерменнің сенімі мен махаббатын ақтап келе жатқан басты арна.
Қазақстандағы Бірінші
Қазақстан Республикасы, 050013
Алматы қ., Республика алаңы, 13, 210-кеңсе
Тел./факс: +7 (727) 250 4689
Қазақстан Республикасы, 010000
Астана қ., Қонаев к., 4
ҚазМедиаОрталығы