Түркістан облысы тағы да тасқыннан зардап шегіп жатыр. Бірнеше ауылдың тұрғындары түн ішінде өре түрегелді. Бұл жолы бөгет емес, нөсер жаңбырдың кесірі. Елдімекендердің бірінен соң бірін су шайып жатыр. Үйлер мен аулалар сарқын суға толып қалған. Селдің күші көпірлерді қиратып, көлденең кездескен кедергілердің бәрін жайпап өтті. Қырық минуттың ішінде жауған жаңбырдың бір айлық нормасы тасқынға айналып, Қазығұрт, Сайрам, Бәйдібек және Төле би аудандарын тік тұрғызып, Шымкентке де келіп жетті. Құтқарушылар түні бойы тыным таппай, техниканың көмегімен қираған жерлерді қалпына келтіруге тырысып бақты. Бірақ, қайта-қайта бүркіп жауған жаңбыр бас көтеруіне мұрша бермеді.
Оңтүстікті жауыннан кейін су шайып жатыр
Дата: 14.05.2020







