Оқулық сапасына қатысты шу шықты
11 июня 2021
Қазақтың ұлттық асы лағман, ал мейрамы пасха! Мектеп оқулығындағы сорақы олқылықтар жұрттың ашуын туғызды. Ағылшын пәні кітабындағы бассыздық мұнымен бітпейді. Онда домбыра ұстаған жанның жынысы да белгісіз, ерні боялған ер баланың бейнесі тұр.Екінші сынып оқушылары тәлім алатын кітап мәжіліс депутатының да көзіне түскен. Парламент өкілі оқу құралы «шетелдің идеология насихаты» бола тұра, білім министрлігі мұны мақұлдаған дейді. Тақырыпты Нұржан Сәдірбай жалғастырады.