Оқушылар мектепке жету үшін сағаттап жүруге мәжбүр

Түркістан облысында мәселеңді айтып бас көтерсең үйіңе пагондылар келіп қоқан-лоққы көресетеді. Тіпті, жұмысыңнан айырылып, үш айға қамауға аламыз деп қараша халықтың зәре құтын ұшыруды әдетке айналдырып алған дейді тұрғындар. Созақ ауданының халқы осылай деп зар еңіреп отыр. Үлкен ауылдың бір басынан екінші шетіндегі мектепке жаяу қатынап оқып жүрген балалары үшін автобус сұраған тұрғындарға жергілікті билік мәселені шешудің орнына, мәселе көтергендермен күреседі екен. Ғалымжан Кенжебек, шалғай айылдағы шикілікті көзбен көріп қайтты.

X