ОҚУШЫНЫҢ ҚОЛЫН СЫНДЫРҒАН

Оқушылар футбол алаңына таласып, үлкені кішкентайының қолын сындырды. 10 сыныптың жігіттері 10 жастағы баланы жерге құлатып тепкілеген көрінеді. Иығын ала алмай жатып қалған жеткіншекке жедел жәрдем шақыруды ешкім ойына да алмапты. Ол аздай, енді тергеушілер істі бұрмалап жатыр дейді анасы.

X