ҚОҚЫСҚА ТОЛЫ ҮЙДЕН БАЛАЛАР ТАБЫЛДЫ
23 октября 2025
Қоқысы еденнен бөлменің төбесіне дейін жетеді. Атырауда қалдыққа толы, іріп-шіріген пәтерден кішкентай балалар табылды. Таудай үйілген қоқыстың арасында тарақандар қаптап, қолаңса иістен басың айналады. Арнайы киім-кешегін киіп, бет-аузын тұмшалап барған СЭС-тегілердің өзі тұншығып әрең шыдады. Ал тұрғындар қайтып жүр?







