Карантин кедергі емес! Төрт қабырғада қамалып отырған әншілер ән салып, челлендж ұйымдастырып, бір-біріне эстафета жолдап, қылтиманың әртістері күнде кешке жұрттың мазасын алып жатса, тәртіп пен ереженің адамдары – спортшылар жаттығудан қол үзбеген. Төтенше жағдайға байланысты спортзал мен стадионға баруға тыйым салынғанда, олар қайда жаттығып жүр? Бапкермен онлайн байланыста дайындалып жатыр екен. Бірақ, оның нәтижесі қандай болады? Жаттығып жүріп жарытпайтын спортшыларымыз онлайн отырып озады дегенге сенеміз бе, әлде құр қол қайтса, карантиннің кесірінен медаль бұйырмады дегенге көнеміз бе?
Олимпиадаға онлайн дайындалуда
Дата: 17.04.2020