ОНЛАЙН ҚАЙЫР СҰРАҒАННЫҢ БӘРІ МҰҚТАЖ БА?
5 марта 2021
Мұқтаждық па әлде масылдық па? Елімізде танымал тұлғалардан қайыр сұрап, қол жаятындар көбейіп барады. Әрине, жағдайы жақсы болса мұқтаж жанға көмектескенде не бар дерсіз? Бірақ қол-аяғы сап-сау, еңбек етуге қабілетті жастардың қайыр сұрауы неге жиіледі? Ал көмек беруден бас тартқандарды қарғап-сілейтіндердің көксегені не?