ОНЛАЙН НЕСИЕНІҢ ТОРЫНА ТҮСКЕНДЕР
7 мая 2025
Кредиті жоқ қазақтар қол көтерсінші. Бірен-саран шығар? Бүгінде несие алмай өмір сүру қиын. Бірақ банктер осы бейшараға жақсылық жасайыншы деп жарылқап берді дейсіз бе? Жарылқаса да, ертең желкеңізден шығарып алу үшін берді. Қарызды қайтару парыз ғой, бірақ пайыздың жанында парызың ойнамай қалады. Ойланбастан оңай көріп ала салған ақша біраз адамның тағдырын талқандап тастады.







