3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Оралда бір адам пойыз астына түсіп мерт болды

Оқыс оқиға таңғы сағат 9-дар шамасында болған. 4-ші шағын ауданның тұсында темір жолды жаяу кесіп өтпек болған 25 жастағы тұрғынды Нұр-Сұлтан қаласынан келе жатқан жолаушылар пойызы қағып кеткен. Ауыр халдегі азамат қалалық ауруханаға жедел жеткізілгенмен, дәрігерлер ажалға араша түсе алмады. Бас пен мидың ашық жарақатын алған науқас операция үстінде көз жұмды. Теміржолшылардың айтуынша, ер адам құлаққап тағып алып, қозғалып бара жатқан пойыздың алдынан жүгіріп өтпек болған. Бұл суицид пе, әлде абайсыздық па? Ол тергеу барысында анықталмақ.

X