3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Қордай қақтығысы 200 млн теңге шығын келтірді

Қордай қақтығысы қымбатқа түсті. Былтырғы төбелестер кезінде өртенген үйлерді қалпына келтіру үшін қазынаға 200 миллион теңгеден астам шығын келді. Бірақ шеткі ауданға бір уақытта мұншалықты назардың аударылуы ауылдағы ағайын үшін жаман болған жоқ. Қанша жылдан бері шешімін таппай келе жатқан әлеуметтік мәселелерге тағы 35 млрд бөлініп, бәрі реттелді. Әншейінде ақшаға келіп тірелетін, шалғайдағы ағайын армандап кеткен ауыз су, тегіс жол, мектеп-ауруханаларды осылай бір төбелесіп салдырып аламыз деп ауылдықтар ойлап па?

X