Қордайдағы тәртіпсіздік кезінде 19 полицей жарақат алған. Оның тоғызына қарсы оқ атылған. Бұл туралы Жамбыл облысына әкім болып тағайындалған Бердібек Сапарбаев мәлім етті. Елордаға келіп соңғы деректермен бөліскен ол, Қырғызстанға үдере қашқандарды қайтару жолында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын да жеткізді. Ішкі істер министрлігінің өкілдері қанша қылмыстық іс қозғалғанын айтқанымен, қанша адам ұсталғаны туралы тіс жармады.
Қордай қақтығысы: Қанша адам ұсталды?
Дата: 11.02.2020







