14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Орта Азиядағы ең ірі мешіт Астанада болады

Орта Азиядағы ең ірі мешіт Астанада болады. Елордада теңдесі жоқ ғимараттың құрылысы бүгін басталды. Ғимараттағы мұнараның биіктігі 130, аумағы 57 мың шаршы метр болмақ. Арабтар жобалаған нысанды салу үшін арнайы қор құрылды. Оған қазынадан қаржы қарастырыла ма? Олжас Сайлаубекұлы жалғастырады.

Елорданың бас мешіті осындай болуы керек. Әзірге бұл баннерде салынған сурет. Ал екі жылдан кейін дәл осы аумақты 57 мың шаршы метрлік мешіт бой көтеруі тиіс. Байқасаңыз міне, техника сақадай сай тұр».

Алла саған жақсылық еткендей, сен де жақсылық істе. Құран сүресінен келтірілген үзінді тасқа қашалып жазылған. Президент пердесін ашқан тас Орта Азиядағы ең ірі мешіттің құрылысы басталғанын білдіріп тұр. Елбасы осы жерде тек діни ғимарат емес, туристер көптеп келетін нысан болатынына сенімді.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Араб Эмираттарында болдым. Шейх Бен Заидтың атына жасалған мешітті көріп шықтым. Сол мешіттің құрылғанына 3-4 жыл болса да жыл сайын 16 млн турист келеді екен ішіне. Ішінің әдемілігі, үлкендігі, сондай керемет. Сондықтан ақыры, Елордамыз Астананы осы жерде салғаннан кейін осындай үлкен керемет ғимаратты осы жерге салайық деп отырмыз. Ісімізді қолдасын, Алла! Құрбандық шалдық Аллаға арнап».

Алла үйінің құрылысы үшін арнайы қор құрылған. Әзірге 20 кәсіпкер демеуші болып, ақша құйған көрінеді. Бірақ құрылысқа кетер қаржы көлемі туралы ешкім айтқысы келмейді. Белгілісі, бір. Қазынадан қарастырылмаған.

НҰРЖАН МЫҢЖАСАРОВ, «АСТАНА 20» МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
«Осы мешіт 24 айда салынып бітуі тиісті. Орта Азия мен СНГ елдерінде ең ірі мешіт болмақ. Бір тиын да мемлекеттің ақшасына салынбайды. Бұл мешіт только спонсорлардың, демеушілердің ақшасына салынады».

30 мың орындық мешіттің бас күмбезінің диаметрі 62 метр болмақ. Сәулет тарихында мұндай көлемде күмбез әлі салынбаған екен. Ал мұнараның биіктігі 130 метр болады де жобаланған.

БАРЫШ ЧОЗЕР, ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ:
«Ғимараттың сыртқы қабаты табиғи тастармен қапталады. Қазақи ою-өрнектерді бедерлейтін боламыз».

Мешіт жобасын Араб Эмираттарының мамандары жасапты. 9 гектардан аса аумаққа 6 мың қазық қағылағалы тұр. 2 жылдық құрылысқа 2,5 мыңдай жұмысшы тартылмақ. Басым бөлігі қазақстандықтар болады деп сендірді.

X