2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Орталық сайлау комиссиясы: Cайлауға дайынбыз!

Еліміздегі барлық сайлау учаскелері саяси науқанға толғымен дайын! Саяси науқанға жауапты облыс әкімдерінің орынбасарлары Орталық сайлау комиссиясына осылай деп есеп берді. Сайлау учаскелері санитарлық талаптармен қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған керек-жарақпен де толық жабдықталған. Жергілікті әкімдіктер мұндай жандарды таситын арнайы инвотакси, пандустар мен браиль шрифтімен әзірленген бюллетеньдер де дайындап қойыпты. Жалпы үгіт- насихат жұмыстары басталғалы Орталық сайлау комиссиясына 100-ден астам шағым түсіпті. Олардың дені Сайлау туралы Заңды түсіндіруге бағытталған. Сондай- ақ өтініштер мен шағымдар арнайы колл орталықтар арқылы да түскен.

X