Жаман айтпай жақсы жоқ, елімізде коронавирустың екінші толқыны басталса, біз оған дайынбыз ба? Пандемияның алғашқы адуыны отандастарымыздың дәрі іздеп, киерге маска таппай кетуіне алып келгені есімізде. Денсаулық министрлігі осыдан сабақ алды ма, кім білсін, елімізде вирусқа қарсы қорғаныш құралдарын дайындайтын фабрикалар күндіз — түні жұмыс істеуде. Осы жолы тәулігіне тоқсан мыңға жуық маска әзірлеп жатқан екі бірдей өндіріс орнына тілшілеріміз барып қатқан еді.
Отандық фармөндіріс екінші толқынға дайын ба?
Дата: 03.09.2020