Отандық оқ өткізбейтін техника құрастырылды
12 октября 2021
Елімізде толығымен оқ өткізбейтін техника құрастырылды. «Барыс» деп аталатын бронетранспортер қарсыласпен жақын ұрысқа есептеліп шығарылған. Төрт жыл бойы сыналған көлік тексерістен сәтті өтіп, бүгін ресми түрде таныстырылды. Құрастырушылар әскери техниканың артықшылығын айтып берді. Жауаптылар бұл 8 дөңгелекті көлік еліміздің қарулы күштерінің қатарына қабылданса, ең озық техника деген атқа лайық болатынына сенімді. Көліктің қыр-сырымен әскер көрген әріптесім Қайыркен Отыншы танысып келді.