14:30 Тікелей эфир «QOSLIKE» бағдарламасы
18:30 Эфирде әрі қарай «БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР»

Отын үнемдеген мектепте оқушылар тоңып отыр

Қыстың көзі қырауда отын қорын үнемдейміз деп, мектеп ішін суытып алған. Салдарынан Алматы облысына қарасты Панфилов ауданында 1600 бала сабақта бүрсең қағып отыр. Надежда Крупская атындағы білім ошағында температуралық режим сақталмайтын көрінеді. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін аудан басшылығы тәулік бойы от жағу туралы тапсырма беріпті. Ал, мектептегілер бұлай әрекет ете берсек, дизель қоры 1 айға да жетпейді деп дабыл қағуда.

X