18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Пәтер алып берем деп, елден 2-3 мың долларлап ақша жинаған алаяқ ұсталды

Екі айда баспаналы боласың! Алматыда аз уақыттың ішінде мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беремін деп талай жанды тақырға отырғызған алаяқ қолға түсті. Ол өз қызметі үшін әр адамнан кем дегенде 1500 доллардан алып отырған. Уәде етілген баспананы да, берген ақшаларын қайтара алмайтындарына көзі жеткен тұрғындар полицияға шағым түсірген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе дөп басқан азамат таныстарына мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде берген. Ол үшін мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрғызып, пәтер кезегіне қойып, оны тезідетіп жылжытуға уәде берген. Бқл қызметі үшін кем дегенде мыңжарым доллардан алып отырған. Тақырға отырғандар арасында жетім-жесір, мүгедек баласы бар, жалғызбасты аналар тағы басқа баспанаға мұқтаж жандар бар. Күдікті өзін қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының қызметкерімін деп таныстырыпты.

ГҮЛЖАН, ЖӘБІРЛЕНУШІ: «Менен 3 мың доллар алды. Мың долларды ұлым жұмысқа тұрады. Одан кейін мың долларды очередке қоям деді. Мың долларды очередті жылжытам деді. Ол кезде оның әйелі КИК-та істеп жүрген кім еді. Осындай сөзбен алдады мені. Алдандым міне».

ЖАНАР, ЖӘБІРЛЕНУШІ: «Менен 2700 доллар алды. 4 июнде алды. Августь айында қолыңызға кілт беремін, ары кетсе сентябрде беремін деді. Содан міне осы уақытқа дейін не кілт жоқ, не ақша жоқ. Өзі жоқ. Звондап хабарласамыз, міне-міне деп еш уақытта жоқ деп айтпайды. Міне бір апта, екі апта деп каратин деді. Оны сылтау қылды. Сонымен бір жылдан асты ғой қазір. Не үй, не ақша жоқ. Социальный үй алып беремін деді. Қорықпаңыз болады деді. Бір жыл деді, жарты жыл деді. Ең аз күткені 10 ай деді. Енді үшжарым жыл болды».

ЛӘЗЗАТ, ЖӘБІРЛЕНУШІ: «Бірінші Думаннан алып беремін деді, Премьерадан алып беремін деді. Шұғыладан алып беремін деді. Анда болмай жатыр, мұнда болмай жатыр деді. Енді ең соңындағы сөзі Момышұлының бойындағы жерден деді, Алатау ситиден. Қорықпаңыз ай сайын 40 мың төлеп тұрасыз деді».

Күдікта азамат тұрғындардың сеніміне кіру үшін қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының жанына шақырыпты. Алданғандар оның басқармаға емін-еркін кіріп-шығып жүргенін айтады. Не ақшасын, не уәде етілген пәтерді ала алмайтынына көздері жаткен жандар полицияға шағым түсірген.

ЕЛДОС БАҚБЕРГЕНОВ, МЕДЕУ АІУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Медеу аудандық полиция басқармасына алаяқтық жолмен әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы бойынша үй алып беремін деген күдікпен 20 жуық жәбірленушіден арыз түсті. Іздестіру шаралары барысында 29 жасар азамат құрықталып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды».

Егер күдікке ілінген азаматтың кәнісы дәлелденетін болса аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қазіргі тағда 22 азаматты алдап соққаны анықталған. Тергеушілер жәбіргенушілер қатары әлі де артуы мүмкін екенін жасырмайды. Бұл азаматқа алданған жандар болса Медеу аудандық полиция бөліміне шағымдануға кеңес береді.

X