Петропавлда өзін медбикемін деп танысырып, зейнеткерлердің ақшасын тартып алып жүрген алаяқтың сыбайластары іздестірілуде. Оның құрығына ілінген сегіз қарияның тек біреуі ғана қырағылық танытып, тапқан-таянғанын бермей қойған. Күдікті болса, қылмыстың бәрін жалғыз өзі жасағанын айтып, ант-су ішіп отыр. Екі айда 3 миллион теңге олжалаған келіншек бұрын дәл осындай жолмен ел астанасындағы қарттарды да алдап келген екен.
Пәтерлерге медбикемін деп кіріп, зейнеткерлердің ақшасын ұрлаған
Дата: 14.12.2020