ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ МАСКҮНЕМДЕР МЕН НАШАҚОРЛАР САНЫ АРТТЫ
12 марта 2021
Елімізде ішкілікке салынғандар мен нашақорлар артып барады. Былтыр олардың қатары 30 пайызға ұлғайған. Пандемия кезінде жұмыссыз қалғандар есірткі мен ішімдікті жиі пайдалануды әдетке айналдырыпты. Ең өкініштісі, 12-13 жасынан нашақор атанған балалардың саны көбейіп барады. Мәліметтер құпия сақталатындықтан мұндайлар жеке орталықтарға көптеп жүгінеді екен.