Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сыйлау басталды
10 января 2021
Бүгін елімізде Парламент мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау басталды. Таңғы жетіден шымылдығын түрген сайлау учаскелеріне ағылған жандардың қарасы көп. Конституциялық мерзімге сай өтіп жатқан Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия қатысуда. Айта кету керек, дауыс беру Қазақстан аумағында және одан тысқары жерде құрылған 10 060 сайлау учаскесінде жүргізіліп жатыр. Бүгін 11 миллионнан астам жан өз таңдауын білдіреді деп күтілуде. Ал дауыс беру орындарына карантинге байланысты енгізілген өзгерістер қандай? Учаскелерге алғаш болып аяқ басқан жандарға қандай сый-сыяпат көрсетілді?







