Павлодар тұрғындары сусыз қалды
8 февраля 2021
Павлодарда түнде су құбыры жарылып, бірнеше көше мен үйлерді су басты. Түнде басталған коммуналдық апаттың салдарынан 37 үй мен 8 ғимарат су жүйесінен ажыратылды. Ал, жауапты мамандар коллапсты толық жоюға бір тәулік уақыт керек дейді. Демек, жөндеу жұмыстары әлі де жүріп, су басқан жерді тазартылуда.