9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Павлодардағы «Хатиконы» көлік қағып кетті

Павлодардағы «Хатиконы» көлік қағып кетті. Трамвай аялдамасында иесін күткен иттің бір аяғы сынған. Еріктілер қаңғыбас жануарды арнайы орталыққа орналастырыпты. Төбетті тексерген ветеринар оған ем-дом тағайындаған. Тағы бір жаңалық. Төртаяқтының қожайыны табылды. Ол қазір ауруханада жатыр екен. Итімен аялдамада тұрған ер адам аяқ астынан есінен танып, оны жедел жәрдем көлігі алып кеткен болып шықты. Ал одан көз жазып қалған жануар сол жерде күтіп отыра берген. Еске салайын, кешегі жаңалықтарымызда Павлодардағы «Хатико» туралы айтқан едік. Иесіз ит бірнеше күннен бері трамвай жолын торуылдап жүрген. Жеті қазынаның біріне қамқорлық танытқан жандар енді оның жақын күндері үйіне оралатынына сенімді.

X