ПАЙЫЗСЫЗ ИПОТЕКА БЕРІЛУІ МҮМКІН

Берсең бер, бермесең қой баспанаңды, бәрібір де тастамаймын Астанамды деп бүгінде қанша адам жалдамалы пәтерді жағалап жүр. Біреуге үй қымбат, өзгесі алғашқы жарнасына жеткізе алмай әлек, тағы біріне діни ұстанымы пайызбен несие алуға кедергі. Міне, соңғылары жақында қоныс тойын тойлап қалуы мүмкін. Елімізде алдағы уақытта шариғат нормаларына сай пайызсыз кредит берілейін деп жатыр. Оны қалай аламыз? Халал ипотеканың шарттары қандай?

X