Ішкі істер министрлігі педофилдердің әлеуметтік портретін жасап шығарды. Ведомствоның зерттеуіне қарағанда, азғындыққа баратын еркектердің дені 18 бен 29 жас аралығындағылар екен. Бұған дейін сотталмаған, орта арнаулы білімі бар, құқық қорғау органдарында да бұрын-соңды тіркеуде тұрмаған жандар. Балаларға келгенде ешқашан дөрекі сөйлемейді, керісінше өзіне барынша жақын тартуға тырысады. Ал құрығына әсіресе жағдайы жақсы отбасынан шыққан, бірақ ата-анасы көп көңіл бөлмейтін 14 жасқа дейінгі балаларды түсіреді екен.
Педофилдердің дені бұрын сотталмаған, орта арнаулы білімі бар жандар
Дата: 24.08.2020