14:30 Тікелей эфир «QOSLIKE» бағдарламасы
18:30 Эфирде әрі қарай «БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР»

«ПЕРЦЫ»

Жексенбі

14:35

11-сынып бітіруші өзімшіл байдың баласы Максим Савельев телевизиялық хабарды сыйлыққа алады (анасы баласының атын шығарғысы келіп). Алайда алғашқы түсірілімде-ақ Максим бағдарламаға қатысуы оны жақсы атты қылмайтынын, керісінше бұл «шоу» достарының алдында оның абыройын төгетінін түсінеді. Бағдарлама Алые паруса деп аталатын түлектер мерекесіне арналған. Онда түрлі әлеуметтік топтың өкілдері (Егор – арбаға таңылған мүгедек, Николай – әскеридің баласы және өте қатал діни тәрбие көрген Аня) бағдарламаның кейіпкерлері болады және бағдарламаның ең маңызды тұсы олардың кемеге мініп, Неваның бойымен жүзуі болады... Максим «мұндай бағалы» сыйлық жасаған ата-анасына мінез көрсетеді. Бұл ұрыс әкесімен қарым-қатынасына нүкте қояды. Валерий Викторович Савельев өзінің байлығын маңдай терімен жинаған, көптен бері ұлының жүріс-тұрысы ұнамай жүрген. Ол баласына не хабарға қатысасың не әскерге кетесің деп талап қояды. Әскерге кеткісі келмеген Максим келесі күні түсірілімге келеді. Алайда түрлі жайттар орын алып, хабардың шығуына қауіп төнеді. Осы кезде Максим өзі ұнатпаған шоуды құтқаруға бар күшін жұмсайды...

Шығарылған жылы: 2012

Шығарушы ел: Ресей

Режиссер: Игорь Копылов

X