«ПЕРВЫЙ РАЗ ПРОЩАЕТСЯ»
СЕНБІ 08:50

Тігін фабрикасының иесі Татьяна Волчкова үйлену тойының он жылдық мерейтойында сүйікті жары Глебтің сыртта бөлек отбасы мен баласы бар екенін біліп қояды. Күйеуі өз айыбын мойындайды, денсаулығы сыр беріп, жүрек талмасы ұстап, ауруханаға түседі.

Татьяна тек өзін сүйетінін айтумен болған күйеуінің жағдайын жасауға мәжбүр. Глеб көп ұзамай көз жұматынына сенімді болып, Татьянадан соңғы тілегін орындауды – екінші отбасындағы алты айлық қызы Аняны көрсетуді сұрайды.

Осылайша Волчкова сәбидің анасы – массаж жасаушы Юлиямен де танысады. Ол Татьяна туған қаладан екен. Глеб фабрикаға іссапармен келіп жүріп, танысқан болуы керек. Татьяна күйеін кешіре ала ма?

X