Полицейлерді аяусыз соққыға жыққан
17 февраля 2022
аңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер тез тұтанатын қоспасы бар құтыны былай қойып, күштік құрылымдардан тартып алған қару-жарақтарды қолданған. Алматыда түсірілген мына кадрларға мұқият қарасаңыз, үш ер адамның тәртіп сақшысын ұстап алып, ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Біреуі тіпті қалқанды қорған етіп, басына дулыға киіп алған. Мына жерде де бірнеше адам топтасып, құқық қорғаушылар мен әскерилерді таяқтап жатыр. Тағы бір кадрда сарбаздар қаскүнемдер жарақаттаған әскери қызметкерді құтқаруға тырысуда.