3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Полицейлерді аяусыз соққыға жыққан

Қаңтар қақтығысы кезінде бүлікшілер полиция қызметкерін қалқан ретінде пайдпаланған. Соққыға жығылған тәртіп сақшысы басынан өткен сұмдық оқиғаны айтып берді. Алматы полициясы метрополитен бөлімінің қызметкері Асыл Дүйсембеков өзін бұзақылар тізерлеп отырғызып қойып ұрғанын жеткізді. Бұл жағдай шаһар көшерелерінің біріндегі бейнабақылау камерасына түсіп қалған. Асылдың айтуынша, бүлікшілер егер оны алдыға салып ұстап жүрсек полицейлер шабуыл жасамайды, оқ атпайды депті. Әбден ұрып-соғып, қызметтік куәлігі мен киімдерін өртеп жіберген. Сәтін салғанда оны әріптестері құтқарып қалған.

X