14:30 Тікелей эфир «QOSLIKE» бағдарламасы
18:30 Эфирде әрі қарай «БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР»

Пойыз вагондарын дезинфекциялау қалай жүреді?

Елімізде 1 маусымнан пойыздар жүре бастайды. Осыған байланысты жолаушылар тасымалына жауапты компания алғаш болып шойын жолға шығатын құрамдармен таныстырып, ондағы дезинфекция жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрсетті. Мамандардың сөзінше, қазір елордадағы қолданыста жүрген 237 вагон барлық қажетті санитарлық тазалықтан өткен. Сондай-ақ, құрам әр рейске шығардан бұрын толық тазартылады. Бактериялардың бәрі жойылған соң ғана купелер жуылып, сүртіледі екен.

X