ПРЕМЬЕР ЖОЛДАРДЫ БАҚЫЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ
22 августа 2025
Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен еліміздегі автокөлік жолдарының сапасын арттыру бойынша жиын өтті. Шарада көлік желісін жаңғыртуға қатысты Президент қойған міндеттерді ескере отырып, саланың ағымдағы жағдайы мен даму жоспарлары қаралды. Көлік министрлігінің мәліметінше, трассалардың жалпы ұзындығы 185 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 25 мың шақырым, жергілікті деңгейде 70 мың шақырым жол және елді мекендердің 90 мың шақырым көшелері бар екен. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар ереже қабылданды. Енді, мердігер компания жұмысына қатысты сын ескертпелерді толық жоймайынша жұмыстары қабылданбайды. Бұл талаптар заңмен бекітіліп отыр.







