3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

ПРЕЗИДЕНТ МӘРТЕБЕЛІ МЕЙМАНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Бауырлас елмен байланыс нығаяды. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы парламентаралық серіктестік пен саладағы іскерлік қарым-қатынас жолға қойылмақ. Бұл туралы Ақордадағы кездесуде айтылды. Мемлекет басшысы Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады. Президент қазақ-тәжік ықпалдастығын одан әрі нығайту маңызды екенін атап өтті. Мәртебелі мейман Қасым-Жомарт Тоқаевты Ата заңымыздың 30 жылдығымен құттықтап, парламентаралық дипломатия мен су саласындағы байланысты арттырудың өзекті мәселелеріне тоқталды. Басқосуда Президент екі ел байланысын нығайтуға үлес қосқаны үшін Рустами Эмомалиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

X