Президент партиялардың мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуді ұсынды
15 января 2021
Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендету керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді. Өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады. Мемлекет басшысы Қасымжомарт-Тоқаев жаңа Парламенттің алдына осындай да міндет қойды. Президенттің пікірінше, Парламентте партиялар неғұрлым көп болса, ондағы пікірталасты соғұрлым қыздыра түседі. Сонымен қатар Президент сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізуді ұсынды.